Коронавирус жұқтырған ересектерді стационарда емдеу протоколы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған ересектерді стационарда емдеу протоколы өзгерді

06.08.2021

Ересектерді, жүкті әйелдер мен жас босанған аналарды коронавирустан емдеуге арналған клиникалық хаттамаға өзгеріс енгізілді. Құжатты Біріккен комиссия мақұлдады. Енді науқасқа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіліп, стационардан шығарылған соң ол ПТР тест тапсырмайды. Егер қосымша амбулаторлық емдеуге ауыстыру қажет болса,  10 күн бұрын келісіледі. Сондай-ақ «Ремдесивир» препаратының қарсы көрсеткішіне қатысты өзгеріс енгізілді. Демек, науқаста созылмалы жүрек жеткіліксіздігі 40 пайыздан төмен болса, онда аталған препарат қолданылмауы керек. Клиникалық хаттамада патогенетикалық терапия жасау жағы да пысықталған. Яғни, «Тоцилизумаб» дәрісін тағайындау емделушінің келісімі мен медициналық кеңестің шешімі негізінде ғана жүзеге асады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу