Коронавирус немесе ковидке қарсы екпе - ана сүтінің құрамынан анықталмады. Сондықтан вирус жұқтырған немесе екпе салдырған аналар сәбилерін алаңсыз емізулеріне болады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мәлімдеді. Мамандар вирус жұқтырған және екпе салдырған ана сүтінің құрамын зерттеген. Нәтижесіне сәйкес, сүтте антиденелердің бары анықталған. Сондықтан нәрестесі бар аналар да екпе салдырып, емізуін ары қарай жалғастыра бергені дұрыс. Ана сүті құнарлы әрі пайдалы, ол баланы түрлі вирустық аурулардан сақтап, иммунитетін көтеруге сеп болады. Сондықтан ауырдым екен деп емізуді тоқтатпаған жөн, дейді сарапшылар. Ал вирус жұқтырған жағдайда маска тағып, қолды жиі жуып, санитарлық талаптарды сақтаған жөн.
Раушан Сайлауқызы