21 желтоқсанда «Алматы Аренада» ережесіз жекпе-жектен халықаралық дүбірлі дода өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 желтоқсанда «Алматы Аренада» ережесіз жекпе-жектен халықаралық дүбірлі дода өтеді

19.12.2018

Бүгін таңғы бағдарламада қонақ болған ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаров: «Ержесіз жекпе-жектен үлкен деңгейдегі жарыс бірінші рет өтіп отыр. Додада алтын белбеу бәйгеге түсетін болады. Біздің ендігі мақсатымыз – 2 алтын белбеуді өз елімізде алып қалу»,- деді.
«Тitan FC» америкалық promotion президенті Лекс Макмахон аталмыш жарысқа қатысты пікір білдірді: «Қазақстанға бірінші рет келіп отырған жоқпын, осыдан 3 ай бұрын Ардақ Назаровтың шақыртуымен келіп, Шарын шатқалын, Үлкен Алматы өзенін көріп, таң-тамаша қалғанмын. Жарыстың жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. 12 елден келетін спортшылардың ішінде әлсізі жоқ. Сонымен қатар, 150 ел осы жарысты көгілдір экраннан тамашалайтын болады».
Кәсіпқой боксшы Хуан Пуэрто қазақстандық спортшылардың мықтылығына күмән келтірмейтінін айтады. «Қазақстанда өтетін жарысқа қатысатыныма қуаныштымын. Қазақстандық спортшылардың мықтылығына күмән келтірмеймін. Бірақ өз күшіме сенемін»,- дейді ол.
Бәйгеде бақ санайтын кәсіпқой бокс шебері Мартин Браун: «Өз қарсыласым Бейбіт Назаров туралы видеоларды көріп дайындалдым. Әлі де дайындалу үстіндемін», - деп сөзін аяқтады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу