Келес ауданының тұрғыны 500-ге жуық адамды жинап, көкпар өткізген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келес ауданының тұрғыны 500-ге жуық адамды жинап, көкпар өткізген

04.02.2021

Түркістан облысында Келес ауданының тұрғыны 500-ге жуық адамды жинап, көкпар ұйымдастырған.

Полиция қызметкерлері ойынды дереу тоқтатып, жиналған жұртты тарқатты. Ауыл тұрғындарына карантин талаптарын бұзбау қажеттігін түсіндіріліп, көкпар ұйымдастырғандарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қатаң ескертулерге қарамастан тығылып той жасайтындар азаяр емес. Қаңтар айынан бері өңірде 11 мәрте көкпар өткізілген. Кінәлілердің бәрі әкімшілік айыппұлмен құтылды.


Хабарламаларға жазылу