Халықаралық валюта қоры өз резервінен әлем экономикасын қалпына келтіруге 650 миллиард доллар бөлмек. Бұл қаражаттың 275 миллиарды дамушы елдер мен қалыптасушы нарықтарға жұмсалмақ. Мұны осы ұйымның басшысы Кристалина Георгиева мәлімдеді.
«Бұл – бұрын соңды болмаған дағдарыс кезінде қабылданған тарихи шешім», - дейді Георгиева.
Қордың болжамынша, биыл ғалам экономикасы 6 пайызға, келесі жылы 5 пайызға жуық дамиды екен. Ал, оның 650 миллиард доллар бөлу туралы шешімі тамыздың 23-де күшіне еніп, қыруар ақша квота бойынша таратылмақ.
Арыстан Рысбек