Түркияның оңтүстігінде орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 3 адам қаза тауып, 183-і жараланған. Жасыл желектер жеті аймақта жанып жатыр. Олардың ішінде шетелдік саяхатшылар баратын Анталия да бар.
Рейтердің хабарлауынша, кейбір курорттардан туристерді көшіруге тура келіп отыр. Әйгілі Мармарис демалыс орнындағы отельдерден де саяхатшылары эвакуацияланды.
Өрттен ондаған үй жойылып, 500-дей тұрғын баспанасыз қалды. Ормандарға біреулер әдейі от қойды деген болжам бар. Президент Реджеп Тайып Ердоған олардың қатаң жазаланатынын ескертті.
Арыстан Рысбек