Бүгін Ыстамбұлда Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша Оқыту бағдарламасының бірінші күні өтті. Аталған шараның 29-30 шілде аралығындағы бағдарламасына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның мемлекеттік БАҚ өкілдері қатысып отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ іс-шараларға Түркі кеңесінің мүшелері болып табылатын Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның тиісті институттары мен ұйымдарының өкілдері және Венгрияның (бақылаушы-мемлекет) өкілдері қатысуда.
Шараның басында қатысушылар алдында Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун сөз сөйледі.
Тренинг бағдарламасы әлеуметтік желілерде тәжірибе алмасуға, дезинформацияға қарсы күресте үздік тәжірибелерді талқылауға бағытталған.