Президент ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады

29.07.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады. Кездесуде атқарылған жұмыстар мен қоғамдық институттың өңірлерде жүзеге асырған іс-шаралары баяндалды. Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу