Люксембургте қазақстандық балғындардың көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Люксембургте қазақстандық балғындардың көрмесі өтті

28.07.2021

Люксембургта «Әлем қазақстандық балалар көзімен» деп аталаған сурет көрмесі өтті. Шараны еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі мен «Қазақстан-Люксембург» қауымдастығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі балғындар салған ерекше суреттерді Еуропа жұртшылығына таныстыруға мұрындық болған «Аялаған алақан»қайырымдылық қоры. Шара барысында Люксембург жұртшылығы мен қазақстандық диаспора өкілдері ұлттық тағамдардан дәм татып, арнайы құрылған киіз үйдің жанында естелік суретке түсті. 

Нұргүл Тұрсын, Қазақстан-Люксембург қауымдастығының теңтөрағасы:
Шараның негізгі мақсаты - Қазақстанның 30 жылдығын Люксембургта жария ету. Люксембург халқына осы шаралар арқылы Қазақстан жайлы, қазақ мәдениеті жайлы айтып, таныстыру. Халыққа өте ұнап жатыр, ілтипаттарын айтып жатыр.

Валери Енжель, Люксембург қаласының тұрғыны:
Осы шараның куәсі болғаныма өте қуаныштымын. Көрмедегі суреттер маған Қазақстан туралы мол мағлұмат алуға көмектесті. Қазақстанның мәдениеті, күнделікті өмірі жайлы мүмкіндігі шекутеулі балғындар өз туындылары арқылы керемет суреттеген. 7-12 жастағы талантты балалардың жүректен шыққан суреттері жүрекке жетті.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу