Оқушыларға арналған «Көшбасшы жолы» туры басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларға арналған «Көшбасшы жолы» туры басталды

01.11.2017

Республиканың 6 аймағынан келген 500-ге жуық үздік оқушы Астана және Алматы қалаларындағы тарихи орындарды аралады.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл  жастар арасындағы туризмді жандандыруға мүмкіндік беріп, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулиды. «ЭКСПО» көрмесі қарсаңында дәл осындай 700-ге жуық саяхат  ұйымдастырылып, 185 мың оқушы өңір-өңірді аралаған болатын. Енді, дәстүрлі шара балғындардың  әр демалысы сайын жалғаспақ. Жастардың әсіресе, Елбасы орталығынан алған әсерлері ерекше. 

Ақерке Бауыржан, оқушы /Павлодар/:

- Елбасының мұражайларында біз оның республика болып қалыптасқандығынан бастап,  басқа да шетелдермен саммиттері, көптеген фотосуреттер, естеліктерін көріп өзіміз тарихи уақиғаға түскендей болдық. Бұл жастарға өзінің үлкен септігін тигізеді деген ойдамын. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу