Қаратоғай ауылында Наурыз мерекесіне орай айтыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаратоғай ауылында Наурыз мерекесіне орай айтыс өтті

27.03.2017

Айтыскерлердің орынды әзілі, сөз саптауы мен  қағытулары көпшіліктің көңілінен шықты.  Жастардың өнеріне әсіресе, ауыл  ақсақалдары дән риза. Айта кетелік, Мәртөк - айтыс өнері, жастар арасында кеңінен тарай бастаған  ауданның бірі. Мұнда жас ақындар мектебі жұмыс істейді. Бастама оң нәтижесін беріп келеді. Осы мектептің тәлімгерлері оқушылардың арасында өткен республикалық жарыстардың жеңімпазы атанып үлгерді.

Хабарламаларға жазылу