Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті

27.07.2021

Қазақ жанкүйерлері медаль күтіп отырған спортшылардың бірі Дмитрий Баландин бүгін жарыс алаңына шықты. Ол 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде сәтті өнер көрсетіп, межені 2:08.99 уақытта жүзіп өтті. Осылайша сайысқа түскен сегіздіктің арасында төртінші орынға қол жеткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финал ертең, яғни 28-шілде күні өтеді. Егер де бұл сыннан да сүрінбей өтсе, 29-шілде күні финалдық бәсекеде бақ сынайды. Айта кетейік, 2016 жылы Рио Олимпиадасында Дмитрий дәл осы қашықтықта чемпион атанған болатын. Бұл - еліміздің суға жүзу спортындағы әзірге ең жоғары көрсеткіш. 

Хабарламаларға жазылу