Ақтөбелік мұғалімдер тегіс вакцина салдырды. Ал ата-аналар болса қауіпсіздікті білім берумен қатар қойған ұжымға дән риза. Олар алдымен "Ашық" жобасы арқылы мәртебесін анықтап, коронавирус инфекциясына қатысты бар ақпаратты лед экран арқылы біле алады.
Гүлзат Тілегенова, қала тұрғыны:
Балаларымызды бұл мектепке қорықпай бере аламыз. Барлық қауіпсіздік ережелері сақталған.
Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Бүгінгі күні бірінші компонентпен 19 мыңнан астам мұғалім вакцина алған болатын. Екінші компонентпен 12 мыңнан астам мұғалім вакцина алды. Сонымен қатар біз қосымша мектепке дейінгі ұйымдарды, орта білім мекемелерін, жоғарғы білім мекемелерін вакциналауды жалғастырып жатырмыз.