Павлодар облысында балалар арасында індет өршіп барады. Соңғы алты айда 250 бала вирус жұқтырған. Ал, былтыр 155 бала емделген болатын. Әсіресе шілде басталғалы індет дендеп барады. 50-ден аса жеткіншек сауығып шықса , 40 бала қазір ем қабылдауда. Ең қауіптісі, сәбилер ауруханаға жиі түсіп жатыр.
Зере Садақова, Облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
Қазір бізде жатқан балалардың 15 пайызы 1 жасқа дейінгі балалар. 5 жасқа дейінгі 30 пайыз. Қалғандары 17 жасқа дейінгі балалар. Мысалы 1 жасқа дейінгі балаларды біз барлығын жатқызамыз. Өйткені кішкентай бала шағымын айта алмайды.
Болат Аманбаев