Аймақтарда екпе салу жұмыстары қарқын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтарда екпе салу жұмыстары қарқын алды

22.07.2021

Тілші: коронавирусқа қарсы тұрғындарға вакцина салу бойынша шымкент қаласы өзге аймақтар арасында көш бастап тұр. Бүгінге дейін мегаполисте 347 мыңнан астам азамат індетке қарсы арнайы екпе алған. Бұл өңірдегі вакцина салдыруы тиіс азаматтардың 65 пайызы. Жыл басынан бері мегаполисте коронавирус жұқтырған 240 адам адам қайтыс болды. Дәрігерлердің дерегінше олардың ешбірі коронавирусқа қарсы вакцина алмаған.

Ақнұр Жорабекова Шымкент қаласы №6 емхананың дәрігер эпидемиологы

Қазіргі таңда екпе қарқынды жүруде. Екпе жеткілікті. Емханада бірнеше түрі салынуда. «спутик v», «казвак», «коронавак» түрлері салынуда.

Қостанай облысында күні бүгінге дейін бірінші компонентпен 230 мыңға жуық адам, екінші компонентпен 126 мың адам егілген. Тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу үшін өңірде жылжымалы кешендер жұмысы жанданды. Мұндай кешендер шалғай ауылдарға барады, сонымен қатар облыс орталығындағы халық көп жиналатын орындарда жұмыс істейді.

Александр Середа қала тұрғыны

Бұл ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін қажет. Сондықтан көпшілікті алып-қашпа сөзден қорықпай екпе алуға шақырамын. Дамыған елдерде азаматтардың 50-60 пайызы вакцина салдырды. Жаппай вакцинациялау неғұрлым қарқынды жүргізілсе, соғұрлым қалыпты өмірге тезірек ораламыз деп ойлаймын.

Павлодар облысында екпе салдырған тұрғындар саны 200 мыңнан асты. Тәулігіне 6 мың адамға дейін вакцина алады. Әсіресе тереңкөл ауданы халқы белсенді. Екпе алғандар саны 50 пайыздан асты.

Қуандық Әбілов Байқоныс ауылының тұрғыны

«Спутник» екпесін бүкіл отбасымызбен алдық. Жұбайым жоқ, төрт қызым бар. Түгелі қалада жұмыс істейді. Түгеліміз алдық. Екпе деген ол баяғыдан келе жатқан нәрсе. Аурудың алдын алу. Адамның денсаулығын сақтап қалу үшін істелген нәрсе.

Ең бастысы тұрғындар еш үгіттеусіз ақ өздері келіп жатыр-дейді мамандар. Себебі, вирустың таралуы күшейіп барады. Болат аманбаев, ерлан омашев аймақтардағы тілшілердің көмегімен. ҚҰТ. 

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу