Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай онлайн құрбандық шалу басталды. Әлемнің дамыған елдерінде бұрыннан қолданылатын мұндай шара пандемияға байланысты елімізде биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Онлайн құрбандық шалу барысын бақылау үшін діни басқарма тарапынан арнайы топ құрылған. Осы топпен бірге қасапшылар мен еріктілердің жұмысын, санитарлық ережелердің сақталуын және еттің мұқтаж жандарға дұрыс таратылуын Бас мүфтидің өзі қадағалады.
Бұл шараның ерекшелігі - әрбір құрбандық шалушы qurban2021.kz сайтына малдың ақысын аударып, өзінің-аты жөнін жазып жібереді. Қалған процесске қатыса алмайды. Ал, оның атынан сойылған қой дәл осы сайтқа өтінім қалдырған мұқтаж жанға жеткізіледі.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас муфти:
Қазіргі таңда 7000-нан астам кісі құббандық етін алуға өтініш білдірген, яғни мұқтаж жандар. Ал, құрбандыққа тапсырыс берген кісілердің саны бүгінгі қазіргі көрсеткіште 2500-ден астам кісілер құрбандыққа тапсырыс берген. Оның ішінде 700-ден астамы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан келіп түскен. Ал, Алматы қаласынан 600-ден астам кісі тапсырыс берген екен.
Мөлдір Әбдірайым, тілші:
ҚМДБ бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласындағы құрбандық шалу процесі міне осы жерде өтіп жатыр. Қасапшылар жұмылдырылған барлық процесс мұнда санитарлық нормалар сақталған. Және тағы бір айта кететін жағдай, бас-сүйек, ішек-қарын, басқа да қалдықтар ешқандай ысырап болып тасталған жоқ. Ұйытылып арнайы мұқтаж жандарға таратылуда.
Жәрдембек Сайлауханұлы, «Алтай» шаруа қожалығының иесі:
Бүгінгі таңда онлайн құрбанға 25 қасапшы жұмылдырылды. Барлығы да құрбан шарттарына сай белгілі мамандардың келіп қарауымен құлағы кесілмеген, мүйізі сынбаған, ақсақ емес, жасы толған деген сияқты талаптарды қаралған.
Онлайн құрбандық шалу биыл екінші рет жүзеге асырылып отыр. Сондықтан былтырғыға қарағанда едәуір жинақылық байқалады. Осыған орай, қайырымдылық мақсатта ас беріп, мал соямын деушілер үшін мұндай шараның жыл он екі ай жұмыс істеуін қолға алу қарастырылып жатыр.
Мөлдір Әбдірайым