Құрбандық шалу рәсімі екі бағытта өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбандық шалу рәсімі екі бағытта өтуі мүмкін

18.06.2021

Елдегі эпидахуалға байланысты Құрбандық шалу рәсімі екі бағытта өтуі мүмкін. Бұл туралы Діни басқарма өкілдері хабарлады.Егер осы тұрақтылық сақталып, санитарлық мекемеден рұқсат берілсе құрбан шалу қасапханаларда болады. Ал, жағдай күрделенсе арнайы дайындалған «QURBAN-2021» веб-сайты арқылы онлайн режимде өткізіледі. Естеріңізде болса, былтыр да портал ашылып, құрбандық малына тапсырыс беру, құрбандық етін алуға өтініш жазу сол арқылы жасалған. Айта кетейік, биылғы құрбан айттың бірінші күні 20 шілдеде басталады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу