Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

26.07.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Әкім Президентке қаланың биылғы алты айдағы даму барысы жайлы баяндап берді. Мемлекет басшысы қаладағы құрылыс қарқынын күшейтуді, азаматтарға қолжетімді баспана салу мен инвестиция тарту жұмысын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу