Ауған үкіметі мен «Талибан» қозғалысы Катар астанасы Дохада өткен кездесуде жоғары деңгейдегі бейбіт келіс сөздерді әрі қарай өткізуге келісті. Бұған қоса, тараптар Ауғанстанды күрделі жағдайдан алып шығу үшін ортақ ұстаным табуға уағдаласқан. Дегенмен, кездесуде делегаттар оқ атуды тоқтату режимін енгізе алған жоқ. Соңғы мәліметтерге сай, елдің бірнеше провинциясында болған әскери операцияда Ауған ұлттық қорғаныс күштері 233 тәліптің көзін жойып, 88-ін жаралаған. Елдің Қорғаныс министрлігінің дерегінше, радикалды топқа тиесілі 15 жарылғыш зат залалсыздандырылып, қару-жарақ, оқ-дәрі мен көліктері жойылған.
Арай Төлегенқызы