Дональд Трамп күтпеген жерден «Талибанмен» келіссөздерді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп күтпеген жерден «Талибанмен» келіссөздерді тоқтатты

09.09.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп «Талибан» қозғалысымен жүргізілген бейбіт келіссөздерді күтпеген жерден доғарғаннан кейін Ауғанстанда соғыс тіпті күшейеді деген қауіп туындап отыр. Тәліптер мен америкалықтар соғысты тоқтату туралы диалогтың тоғыз раундын Катар астанасы Дохада өткізді. Ал осы айда тараптар Құрама Штаттар әскерін Ауғанстаннан шығаруға және бұл мемлекетті террористердің ордасына айналдырмауға келісуі тиіс еді. Бірақ өткен аптада Кабулде болған жойқын жарылыстан бір америкалық жауынгер мен тағы 11 адам қаза тапқаннан кейін Трамп келіссөздерді дереу тоқтатуға бұйрық берді. Әзірге Америка-Талибан кездесулерінің келесі раунды қайда және қашан қайта басталатыны белгісіз болып отыр. 

Арыстан РЫСБЕК



Хабарламаларға жазылу