Семей қаласы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Ал бүкіл Шығыс Қазақстан бойынша шектеу шаралары 3 тамызға дейін ұзартылды. Өңірдегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында бұл мерзім COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін деп жазылған. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін екпе салу жұмысына көп көңіл бөлінуде. Бүгінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарларда төсек оны 12,7 пайыз толған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен шектеулерді сақтауға шақырады.
Берік Көшербай