Вакцина құжатын сатуға қатысты 46 жалған жарнама анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина құжатын сатуға қатысты 46 жалған жарнама анықталды

16.07.2021

Ішкі істер министрлігі интернеттен вакцина құжатын сатуға қатысты 46 жалған жарнаманы анықтады.

Қазір арнайы мониторингтік топ интернетті мұқият зерттеп отыр. Арасында шет елдік хабарландырулар да бар. Мысалы, Ресейлік жалған сертификаттар 20 мың рубльге бағаланса, Үндістанда 5 мың рупийден ұсынылады. Сондай-ақ, бұл хабарландырулар алдын ала төлемді талап етеді. Тексеру кезінде алаяқтардың шетелдік банктердің карталарын қолданғаны да анықталды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу