Мәжіліс депутаттары ауыл-аймақты аралап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары ауыл-аймақты аралап жүр

16.07.2021

Сыр өңірінде Парламент Мәжілісінің депутаттары ауыл-аймақты аралап, халықпен кездесіп жүр. Ел көтерген басты мәселе биылғы қуаңшылық. Құрғақшылық салдары облыс жұртын әбден әбігерге түсірді. Қазалыға барған мәжілісмендер бірінші шаруалармен кездесті. Бүгінде солтүстік ауданда 5 ауыл қуаңшылық қыспағында қалды. Малға жем-шөп тапшы, жайылымдар тақырға айналған. Егін шаруашылығының да жағдайы мәз емес. Сырдарияның деңгейі өте төмен. Әсіресе, күріш еккен диқандар аяқ судан таршылық көріп отыр. Егіннің бітік шықпай қалу қаупі бар. Оның үстіне, «Қазсушаруашылығы» мекемесі судың тарифін екі есе қымбаттатып жіберген. Онсыз да шығынға батып отырған егінші қауым депутаттарға базынасын жеткізіп, тарифтің құнын қайта қарауын сұрады.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
Шынында үлкен шығын. Бұл қауіптің әрмен қарай созылып кетпеуі үшін тек қана құбырлар, насостар қою көз алдаушылық болып есептеледі. Қазір халық сұрап жатыр қандай жағдайда нақты сұрап жатыр. Ол мемлекет аралық үлкен келісім-шарттардың жоғары деңгейде орындалуы. Соны талап ету.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу