Мәжіліс депутаттары ел аралап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары ел аралап жүр

13.07.2017

Бүгін Қуаныш Сұлтанов пен Зағипа Балиева Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Ават елді мекенінде болды. Бірнеше нысанға барды.

Қазір Ават ауылында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып жатыр. Депутаттар құрылыс барысын аралап көрді. Нысан тамыздың аяғында пайдалануға берілуі тиіс. Алайда, жұмыс кешеуілдеп жатыр. Мердігер компания білім ошағын қыркүйектің басында аяқтайтынын айтты. Бюджеттен мектептің  құрылысы үшін 820 миллион теңге қаражат бөлінген. Жалпы, қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 44 мектеп салынып жатыр.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу