Қытай экономикасы екінші тоқсанда баяу өсім көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай экономикасы екінші тоқсанда баяу өсім көрсетті

15.07.2021

Қытайдың жалпы ішкі өнімі екінші тоқсанда баяу өсім көрсетті. Әлемнің екінші экономикасының бәсеңдеуіне шикізат бағасының қымбаттауы және коронавирус жұқтырудың жаңа фактілерінің тіркелуі себеп. Бұған қоса климатты ластамауға қатысты шектеу шаралары өндірістік белсенділіктің төмендеуіне әкелген. Ішкі сұраныс пен кіріс те баяулап қалған. «Файнэншл Таймс»-тың мәліметінше, бұған қарамастан, Қытай әлемдік экономиканың басты драйвері болып қала береді. Ал, осы аптада ел билігі экономиканы ынталандыру шараларын жүргізбейтінін мәлімдеді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу