Елордадағы медициналық мекемелер бірінен соң бірі ковидтік ауруханаға айналып жатыр. Өйткені қалада эпидахуал күрделі. Кеше бір жарым мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың өсуіне демалыс күндері айрықша әсер еткен. Яғни, қала тұрғындары табиғат аясында сауық құрып, суға түсуге көп барған. Ал, алда жаңа оқу жылы келе жатыр. Бұрынғы форматқа көшу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
Бірден бір жол вакцина алу керек. Өзіңізді қорғап қала аласыздар. Бүгін 300 мыңнан астам адам вакцина алды.
Амангелді Сейітхан