Шығыс Қазақстанда медицина мамандары тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда медицина мамандары тапшы

14.07.2021

Шығыс Қазақстанда медицина мамандары тапшы. Бүгінде облыста 300-ден астам дәрігердің орны бос тұр. Ал жаңа ережелерге сәйкес, оларды қайта дайындауға кететін уақыт 4 айдан 6 айға және 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылған. Бүгін мәжіліс депутаттары Шығыстағы онкология және хирургия орталығының жұмысымен танысты. Қатерлі ісік ауруларын емдеудегі жаңа әдістерді көріп, ұжыммен кездесті. Емдеу мекемесіндегі қызметкерлер біліктілігін арттыру үшін шет елдерге де барып тұрады. Себебі онсыз заманауй медициналық техниканың тілін меңгеру қиын. Дегенмен медицина мамандары осы оқыту курстарының өту барысы мен мерзіміне біршама алаңдаулы. Сонымен қатар бұрын интерндер бірден аурухана қабырғасында тәжірбие жетілдірсе қазір көбінесе теорияға басымдылық берілетін болған.

Зарина Камасова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Дәрігерлердің тапшылығы өте өзекті мәселе болып тұр. Бұл сұрақты біз Мәжілісте талқылаймыз. Себебі, оларды қайда дайындауға екі жыл кетеді, бұл өте ұзақ. Кеше Алтай қаласында болып қайттық. Шағын ғана шаһарда 33 дәрігердің орны бос тұр. Олардың 10 жалпы практикалық дәрігер болса, қалғаны бір бағыттағы мамандар. Көз дәрігері, неонатолог, балалардың хирургы тапшы.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу