19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес өкілдерін вакцинациялаудың нақты мерзімі белгіленуі тиіс. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Сондай-ақ, аптаның аяғына дейін «Ashyq» қосымшасын бақылайтын мобильді топтар қайта форматталады. «Қызыл» аймақтағы өңірлерде «Ashyq» жобасына қатыспайтын бизнес нысандарының қызметіне тыйым салынады. Ал, қосымша орнатқан орталықтарға жұмыс күндері кешкі 20:00-ге дейін рұқсат беріледі. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Вице-премьер мемлекеттік органдар мен әкімдерге халықты қажетті вакцинамен қамту бойынша тапсырма берді.
Амангелді Сейітхан