Оның 29-ы Оралдан спорттық жарысқа келген балалар. Эвакуациялау жұмыстарына тұрғындар мен мекеме қызметкерлері атсалысқан. Ыс тиген 3 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Бүгінде олардың денсаулығы тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Төменгі қабаттағы моншада тұтанған қызыл жалынның неден шыққаны әзірге белгісіз. Бірақ, алдын-ала болжам бойынша, өрт электр тоғының тұйықталуынан деген болжам бар.
Рашид Біләлов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқраушы:
Материалдың бәрі Ішкі істер департаменті полициясында, қаралып жатыр. Өрттің шығу, толық себебін анықтап, содан кейін тиісті шара қолданылады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ