Елде эпидахуал күн сайын күрделеніп барады. Қазір үш қала мен алты облыс «қызыл» аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары. Ал, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта. Әзірге Түркістан мен Шығыс Қазақстанда ғана жағдай тұрақты.
Осы аптада індетке шалдыққандар саны да күрт артты. Кеше ел бойынша тағы 2800 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 26 адам шалдығып, 6 науқас қайтыс болды. Бүгінде 35 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 700-ден көбінің жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 4 млн-нан асты.
Амангелді Сейітхан