Жапонияда лай көшкен ауданда жоғалып кеткен 27 адам іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда лай көшкен ауданда жоғалып кеткен 27 адам іздестіріліп жатыр

07.07.2021

Жапонияда лай көшкен Атами қаласында құтқару операциясы жалғасып жатыр. Төрт күн бұрын мұнда табиғи апат кезінде 7 адам қаза тауып, 27-сі жоғалып кетіп, 577 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Іздеу жұмыстарын абайлап жүргізуге тура келіп отыр. Өйткені, батпақ пен үйінділер астында тірі адамдар жатуы мүмкін.

Бұл апатқа төпелеп жауған жаңбыр себепші.

Токиодан оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан Атамиде 36 мың адам тұрады. Жапония үкіметінің мәлімдеуінше, оны қалпына келтіруге басқа аймақтардан да көмек қажет болуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу