«Сары» аймақтағы өңірлерде карантин күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сары» аймақтағы өңірлерде карантин күшейтіледі

02.07.2021

Үкімет басшысының орынбасары «сары» аймақтағы өңірлерде карантинді күшейтуді тапсырды. Ералы Тоғжанов Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында екпе жұмыстарының қарқыны төмен екенін айтты. Бүгін ел аумағында вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен келушілердің мәртебесін тексермейтін 464 нысанды «Ashyq» жүйесінен 2 аптаға алып тастау туралы шешім қабылданды. Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында мониторингтік топтардың жұмыстары ширай түседі. Отырыста жалған вакцинация паспорттарын жасау бойынша 4 қылмыстық іс қозғалғандығы айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіледі. Ералы Тоғжанов аймақ әкімдеріне білім ошақтарын жаңа оқу жылына дайындауды тапсырды. Олардың санитариялық талаптарға сәйкестігі қатаң тексерілуі тиіс.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу