Президент жаһандық форум қатысушыларын бейнеүндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жаһандық форум қатысушыларын бейнеүндеу жасады

01.07.2021

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасады. Жиын – гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бастап 30 жыл бойы әйелдерді қолдауға бағытталған салиқалы саясатты дәйекті түрде жүргізіп келе жатқанын атап өтті.

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын басты негізге алған берік құқықтық база қалыптастырдық. Өткен айда адам құқығына қатысты алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Оның негізгі бағыттарының бірі – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету. Гендерлік мәселені шешу – өңірлік өлшем бойынша еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі. «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл коалициясы» және «Экономикалық әділдік пен құқық жөніндегі іс-қимыл коалициясы» сияқты екі серіктес бірлестікке қосылатынын мәлімдеді. Бұл мемлекеттің бірқатар міндеттеме қабылдағанын білдіреді. Мен әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың таралуы туралы жалпыұлттық зерттеу жұмысын қолға алу жөнінде шешім шығардым.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу