Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 29 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 29 адам қайтыс болды

01.07.2021

Эпидахуал қайтадан күрделене бастады. Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 29 адам қайтыс болды. Ал, Шымкент қаласы қызыл аймаққа өтіп, қазір 6 өңір қауіпті деңгейде тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Ал, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары қауіптің орта деңгейінде. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны да күрт артты. Кеше 2436 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 88 адам шалдыққан. Бүгінде 26 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 500-ге жуығының жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 3 млн 413 мыңнан асты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу