Бүгін Елордада күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығынана орай көрме ашылды. Мәдени шара күмбірлеген күй шашумен басталды.
Көрме Атырау облысы өлкетану мұражайнының тарихи жәдігерлерімен толықты. Мұнда Дина Нұрпейісованың шапаны, шерткен домбырасы және ескі фотомұрағаты ұсынылған. Келушілер, батыс күй мектебінің өкілі Құрманғазы Сағырбайұлының да домбырсын көре алады. Көрме бір айға созылады.
Маржан Ершу, ақын, драматург:Динаның экспозицияда балауса жасалған мүсіннің қойылуы, Динаның шапанының қойылуы, Дина ұстанған домбыраның қойылуы мен үшін мені үлкен қуанышқа бөледі. Көрменің жинақталған жәдігерлері өте көп, бай деп айтуға болады. Мысалы, Нұрғиса Тілендиевтің жеке коллекциясындағы тұтанған нәрселерден домбыралары сақталынған.
Ламбриан Топузидис