«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы қызметкері жанкүйерлерді алдап соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы қызметкері жанкүйерлерді алдап соқты

29.06.2021

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы қызметкері жанкүйерлерді алдап соқты. Ол жасанды абономенттер сатқаны үшін айыпталып отыр.

Полицияға қазірдің өзінде 60-тан аса адам шағымданған. Алданғандар бұдан да көп болуы мүмкін. Аталған фактіні футбол клубының ұжымы да растады. Қазір мекеменің ішінде де тергеу жүріп жатыр. Клубтың өзі биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты абономенттерді сатылымға шығармаған.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
«Ақтөбе»ФК жұмысшысына қатысты ҚР ҚК 190 бабы, 2 бөлігі бойынша тергеу амалдарыжүргізілуде. Бұл ФК бұрынғы жұмысшысы футболға кіру абономенттерін алдап сатқан. Қазіргі таңда 60-қа жуық жәбірленуші бар. Келтірген шығын 2 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу