Францияда коронавирус жұқтырғандардың шамамен 20 пайызынан «дельта-штамм» анықталып жатыр. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлады. Аталған көрсеткіш өткен аптада екі есе төмен болған. Инфекцияның «үнді» нұсқасы жылдам таралатындықтан, билік шектеу шараларын қайта күшейтуі мүмкін.
Австралияда да «ковидтің» дәл осы түрі өршіп, ірі үш қала локдаунға жабылды. Сиднейде мутацияланған вирус 150 адамнан анықталған. Осыған байланысты мұнда карантин екі аптаға, ал Перт және Дарвин қалаларында 4 күнге ұзартылды.
Жансая Қапасқызы