Павлодар мұнай-химия зауыты жұмыскерлерінің 65 пайызы екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мұнай-химия зауыты жұмыскерлерінің 65 пайызы екпе алды

29.06.2021

Павлодар мұнай-химия зауыты жұмыскерлерінің 65 пайызы короновирусқа қарсы екпе салдырды. Эпидемиологтардың пікірінше бұл осы кәсіпорында ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жеткілікті. Зауытта қазір 1400-ден астам адам еңбек етеді. Жұмысшылардың өздеріне ғана емес, отбасы мүшелерімен келіп те вакцина алуларына жағдай жасалған. Екпе алғандар демалыс алғылары келсе, ол күндерге еңбекақы төленеді.

Шыңғыс Алтынбеков, еңбек қауіпсіздігін қорғау инженері:
Ақпарат бердік, видеороликтер. Корпоративтік поштада әртүрлі мәліметтерді жіберіп, соны көрсеттік. Әрбір компонентіне 2 күн берілді. Демалыс күннің ақшасы төленеді. Екі компонент алғанда сонда 4 күн болып шығады.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу