Ақмола облысында ағайынды 2 жігіт Жабай өзеніне батып кетті. Қайғылы жағдай Сандықтау ауданының Петровка ауылы маңында болған. Ауыл тұрғыны құтқарушыларға хабарласып, 31 және 29 жастағы ұлдарының үйде түнемегенін, оларды іздеу кезінде өзен жағасынан балаларының киімдерін тауып алғанын жеткізген. Іздестіру үшін Көкшетаудан шұғыл түрде сүңгуірлер жіберіледі. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары судан екі жігіттің мәйітін алып шықты. Биыл өңірде осымен жеті адам суға батып кетті.
Ермек Елберген