Грекияда саяхатшылар үшін шекара бір ай бұрын ашылса да, туризм тұралап тұр. Әдетте бұл уақытта аяқ алып жүре алмайтын жағажайлар биыл бос. Коронавирустың жаңа штамдарының өршуінен, көптеген елдердің тұрғындары халықаралық сапарларды шектеуге мәжбүр. Десе де қонақүйлер мен мейрамхана қожайындары үміт үзбей, тамызға қарай сала жандануы тиіс дейді. Былтыр мемлекеттің туризмнен түсетін табысы 76 пайызға қысқарған. Айта кетсек, Грекияға тек вакцина алған, ПТР-тест нәтижесі теріс саяхатшылардың баруына рұқсат. Ал соңғы қаулыға сәйкес, Ресей азаматтары екпе алса да, шекарада тест тапсыруға міндеттелді.
Жансая Қапасқызы