Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпарына келсек, тестпен расталғандардың саны 1757, 13 адам қайтыс болған, 458 адамның жағдайы ауыр, 107 адамның жағдайы өте ауыр. 68 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, екпенің екі дозасын да 1 891 022 адам салдырған. Айтпақшы, «қызыл аймаққа» Нұр-Сұлтаннан өзге Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары енді.