Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айырылды. «Capital Bank Kazakhstan» Акционерлік қоғамының жұмысын тоқтатқаны жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Пруденциялық нормативтерді орындамауына байланысты агенттік банкке қатысты 67 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. 2020 жылы Банк акционері ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынған. Алайда, қабылдаған шаралардан Банктің қаржылық жағдайы дұрысталмады. Банк салымшыларының депозиттері «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының» кепілдігімен толық көлемде өтеледі.
Аршат Әділжанқызы