Capital bank Kazakhstan салымшыларына 1,4 млрд теңге қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Capital bank Kazakhstan салымшыларына 1,4 млрд теңге қайтарды

19.08.2021

Маусымда лицензиясынан айырылған Capital bank Kazakhstan салымшыларына 1 млрд 4 млн теңгені қайтарып берді. Депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, жабылған банк тұрғындар алдындағы міндеттемесінің 85 процентін өтеген.

Мамандар банктен төлемді әлі алмаған азаматтарға агент банктің кез келген бөлімшесіне барып, өтініш толтыруға кеңес береді. Банк қосымша капитал құюға қатысты шарттарды орындамағаны, нормативтерті жиі бұзғаны және өзге де себептермен 25 маусымда лицензиясынан айырылғанын еске салайық.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу