Грекияда далада маска тақпауға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда далада маска тақпауға рұқсат берілді

24.06.2021

Грекияда пандемияның әлсіреуіне орай далада маска тақпауға рұқсат берілді. Дегенмен, жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, бетпердені жабық кеңістікте және адам көп жиналған жерде шешуге болмайды. Бұл ереже жарияланған соң Акрополь тәрізді туристік орындарда халық маскасыз жүре бастады. Сонымен қатар, президент сарайы мен парламенттегі күзетшілер де оны тақпай кезекшілікке шыққан.

Сейсенбі күні министрлер кабинеті Грекия тұрғындарының 30 пайызы вакцина алғанын хабарлады. Ал, маусымның 28-нен бастап, елде түнгі комменданттық сағат режимі тоқтатылып, дәмханаларда бір столдың басына 10 адамның отыруына болады. Үйлену тойларына 300 адамның жиналуына рұқсат берілмек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу