Биыл 755 ауыл әкімі сайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 755 ауыл әкімі сайланады

24.06.2021

Биыл 755 ауыл әкімі ауысады. Яғни өкілеттік мерзімі аяқталған әкімдерді халық тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды. Осылайша, жергілікті тұрғындардың өз таңдауын жасау арқылы мемлекеттік басқару ісіне атсалысу функциясы кеңейе түседі. Ал, ауылдық аумақтарды басқарудың тиімді тетігін қалыптастыруға азаматтардың 40 пайызы тартылады. Жалпы, ел аумағында 2 мың 346 ауыл әкімі бар. Айта кетейік, орталық сайлау комиссияясының төрағасы Берік Имашев қазір үй карантинінде. Ол коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған.

 Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сәйкес, тексеруде кандидаттың сотталмағандығы туралы құқықтық статистика органдарының жауабы қоса беріледі. Осылайша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган қысқа мерзімде әкімге кандидаттың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны ауданның қаланың комиссиясына беруге тиіс.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу