Алматы маңындағы әуе апаты: Жарақат алған 2 әскери қызметкер ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы маңындағы әуе апаты: Жарақат алған 2 әскери қызметкер ауруханадан шықты

24.06.2021

Алматы маңында болған әуе апатынан жарақат алған ҰҚК екі қызметкері ауруханадан шықты. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков айтты. Екі әскери қызметкер де толық емдеуден өткен, жағдайлары жақсы. Олар 95 күн ем алған.

Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 -еуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді.

Хабарламаларға жазылу