Елордадағы стационарларда 1000-ға жуық адам ем алуда. Төсек орындарының толымдылығы қазірдің өзінде 50%. Қала әлі де қызыл аймақта. Бұлай жалғаса берсе былтырғы жағдай тағы қайталануы мүмкін. Елорда әкімі осы статистикалық деректерді келтіре отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын сақтануға, карантиндік талаптарды орындауға шақырды. Алтай Көлгінов қосымша шектеулер енгізбейтінін айтты. Десе де шаһардағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болуы әр адамның өз қолында. Қалада күніне вирус жұқтырған 300дей жаңа жағдай тіркеледі. Ауырып жүріп, көше аралап, өзгелердің өміріне қауіп төндіретіндер саны да азаяр емес. Бұл «Ашық» жобасы арқылы анық көрінуде. Екпе салдыруға қалада барлық жағдай жасалған. Вакцина қоры жеткілікті. Тұрғындар осы мүмкіндікті тиімді пайдаланса дейді әкім инстаграм әлеуметтік парақшасында.
Раушан Сайлауқызы