Қазақстанда үнді штамына ұқсас вирус анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. Елордада коронавирустық инфекцияның күрт өсуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР-скринингін жасады. Скрининг нәтижелері бойынша "дельта" штаммына тән мутация анықталды. Мутацияның болуын және оның "дельта" штаммына жататындығын нақты растау ДНК-ға жүргізілетін геномдық зерттеу аяқталғаннан кейін анықталады. "Дельта" штаммының жұғу қаупі жоғары. Вирустың өзге түрлеріне қарағанда 60 пайызға жұқпалы, орташа есеппен бір адамнан 5-6 адам жұқтырады. Ал ауырған адамның буындары қақсап, іштің ауырсынуы байқалады. Жүрек айну, құсу, құлақтың естімей қалуы сияқты белгілері де бар. Соңғы зерттеулер көрсеткендей,"Үнді" штаммын жұқтырғандар көбінесе ауруханаға түсіп, тіпті соңы өліммен аяқталатын жағдайдар жиі болған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі сақтық шараларын күшейту қажеттігін айтады. Әрбір қазақстандық өз денсаулығы мен жақындарының саулығы үшін санитарлық талаптарды сақтаған жөн. Мамандар инфекциядан қорғанудың ең тиімді тәсілі - екпе алу екенін ескертеді.
Раушан Сайлауқызы