Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпарына келсек, тестпен расталғандардың саны 1175, 8 адам қайтыс болған, 458 адамның жағдайы ауыр, 91 адамның жағдайы өте ауыр. 54 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, екпенің екі дозасын да 1 653 443 адам салдырған.