Теңіз кенішінде жағдай тұрақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз кенішінде жағдай тұрақталды

18.06.2021

Батыс Қазақстан облысына  «Спутник V»  вакцинасының 62 мың дозасы жеткізілді. Соңғы уақытта «екпенің екінші компоненті тапшы» деп шағым түсіргендер көбейген. Мұны облыс әкімі де атап өтіп, жағдайды реттеуді тапсырды. Денсаулық сақтау басқармасының айтуынша бұған «тұрғындардың 45-90 күн аралығын күтпей, екпені ертерек алуға тырысатыны себеп» дейді. Бүгінде 80 мыңнан аса адам екпе алған.

Гүлнар Мақсотова,  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Күні кеше облысқа 62 540 доза Ресейлік «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті жеткізілді. Қазір вакцина тапшылығы жоқ. Екінші компонентті алдын ала алып қоя алмаймыз. Бізге министрлік нұсқауымен келеді.

Атырау облысындағы ең ірі індет ошағы болған Теңіз мұнай кенішінде жағдай тұрақталды. Бүгін кәсіпорынның 4 жұмысшысынан инфекция анықталды. Бұл бастапқы кезбен салыстырғанда 90-95 процентке төмен көрсеткіш. Бүгінде зауыт аумағындағы стационарда 41 адам емделіп жатыр. Кеніште күніне 1000 қызметкерден ПТР тест алынады. 2 егу пункті жұмыс істеп тұр. 23 мың жұмысшы І компонентті салдырды. Тағы 26 мыңы вакцина алуға өтініш білдірген.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу